ТҮРКІСТАН: Отыз мыңнан астам түлкібастық тұрғын халық санағына онлайн тіркелген

0
470

Тұрғындардың 27 пайызын құрап отыр.


ТҮРКІСТАН: Отыз мыңнан астам түлкібастық тұрғын халық санағына онлайн тіркелген

Түлкібас ауданының отыз бір мыңнан астам тұрғыны ұлттық халық санағына онлайн тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазіргі таңда жалпы 31 107 түлкібастық ұлттық халық санағына онлайн форматта тіркелген. Бұл аудан тұрғындарының 27 пайызын құрап отыр. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Е.Ормановтың төрағалығымен өткен мәжілісте мәлім болды.


Жиынның күн тәртібінде аудан аумағындағы ұлттық халық санағы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы, ұжымдық имунитетті қалыптастыру мақсатындағы екпе егу жұмыстары мен медициналық сақтандыруға қатысты мәселелер талқыланды.


Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар барысы жайында баяндап, жұмысты жандандыру мақсатында біршама ұсыныстарын аудан басшылығына жеткізді.


Баяндамашылардан соң мәжілісті қорытындылаған Ербол Керімбекұлы ауыл әкімдеріне тұрғындарға онлайн халық санағына тіркелу бойынша және ұжымдық имунитетті күшейту мақсатында екпе еккізудің маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.


Сонымен қатар, күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі медициналық сақандыруға қатысты тиісті мекеме басшылары мен көші-қон полициясына ауданнан көшіп кеткен және т.б. азаматтарды анықтап, тізімнен шығару бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Жүктелген тапсырмаларды сапалы әрі мерзімінде орындалуын ескертті.