ТҮРКІСТАН: Өзбекстандық азамат шекарадан есірткі өткізбек болған

0
262

Есірткіні сөмкесіне салып алған.


ТҮРКІСТАН: Өзбекстандық азамат шекарадан есірткі өткізбек болған

Түркістан облысының полицейлері шекарадан өтпекші болған шетелдіктің сөмкесінен есірткі тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, ҚР-ның өткізу бекетінен өту кезінде, Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына қарай өтіп бара жаткан орта жастағы ер азаматқа «Имерек» атты қызметтік ит үріп белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған. Полицейлерден құралған жедел уәкілдер тобы ер адамның Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады.


Сонымен қатар, полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның жолсөмкесінің ішінен есірткі тектес затты тәркілеп алып, зат сараптамаға жолданған. Сараптама қорытындысы бойынша есірткінің 5 грамға жуық «гашиш» екені расталды.


Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.