ТҮРКІСТАН: Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

0
1 170

Қорытындысы облыстық «Дарын» орталығының сайтында жарияланады.


ТҮРКІСТАН: Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

Түркістан өңірінде пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан өңірінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің І туры басталды.


Жарыс Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернаты, Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп-интераты және «Жаңа Дәуір» мектеп-интернатының базасында өтіп жатыр.


Дәстүрлі форматта өтетін пәндік олимпиада ІІ турдан тұрады. Байқауға 14 жалпы білім беретін пән бойынша Түркістан облысының аудан, қалаларынан орта, мамандандарылған дарын метептерінен және 2 БИЛ мектебінен 1083 оқушы қатысуда. Оның ішінде, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 529 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 554 оқушы бақ сынауда.


Айта кетейік, жарыс аяқталған уақытта әр пән бойынша оқушының екі турда алған жалпы ұпайы қосылып, орындар белгіленеді. Қорытындысы облыстық «Дарын» орталығының сайтында жарияланады.