ТҮРКІСТАН: Партиялар жасыл алаңда шеберліктерін көрсетті

0
620

Турнир оған қатысушылардың ортақ ұйғарымымен достық рәуіште аяқталып, футбол командаларының барлығына Алғыс хат табыс етілді.


ТҮРКІСТАН: Партиялар жасыл алаңда шеберліктерін көрсетті

Түркістанда «MASLIHAT CUP» партиялар арасындағы жолдастық кездесудің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ұлттың ұлы мерекесі – Республика күні қарсаңында Түркістанда шағын футболдан «MASLIHAT CUP» партиялар арасындағы жолдастық кездесудің ашылу рәсімі өтті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанаты бастамашы болған турнир жергілікті қоғамдық-саяси ұйымдар арасындағы өзара ықпалдастықты арттыруды, оларды мемлекеттік мүдде тұрғысындағы құндылықтарды іске асыруға жұмылдыруды, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстану аясына біріктіруді және жастарды ортақ елдік ұстаным шеңберіндегі міндеттерге топтастыруды мақсат тұтады.


Жолдастық ту астында өтіп жатқан жарысқа «AMANAT» партиясы,«Respublica» партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, «Aq Jol»Қазақстан демократиялық партиясы және БАҚ өкілдерінен құралған командалар қатысуда. Спорттық кездесудің ашылу рәсіміне «AMANAT»партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев қатысып, жарыс жолына түскен командаларға жеңіс тіледі.


Полат Мұратұлы спорттық додаға қатысушылар мен жанкүйерлерді ұлттық мерекеміз – Республика күні мейрамымен құттықтап, оның елдік маңызына тоқталды. Еліміздегі саяси ұйымдардың барлығы Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын қолдайтынын жеткізді. Шаршы алаңдағы жолдастық кездесу спорттың шынайы достық құралы ретіндегі мәртебесін айшықтап, жоғары адамгершіліктің арқауы болған құрмет пен сыйластық өркениетті саяси бәсекелестіктің өнегелі мазмұнын көрсетеді деп бағалады.


«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы өңірдегі саяси партиялар өкілдерін спорт туы астына біріктіре отырып, ортақ мемлекеттік мүдде аясында Республикамыздың гүлденуіне бірлесе үлес қосуға шақырды.


Турнир оған қатысушылардың ортақ ұйғарымымен достық рәуіште аяқталып, футбол командаларының барлығына Алғыс хат табыс етілді.