ТҮРКІСТАН: Pfizer вакцинасын 20 мыңға жуық азамат салдырды

0
534

Өңірдегі екпе алу көрсеткіші республика көлемінде 98,4%-ды құрады.


ТҮРКІСТАН: Pfizer вакцинасын 20 мыңға жуық азамат салдырды

Түркістан облысында 267 345 азаматқа Pfizer вакцинасын салу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында Pfizer вакцинасын алуға 267 345 азаматты қамту жоспарланса, қазіргі таңда 20 мыңға жуық азамат аталған екпені салдырған. Өңірде жалпы екпе алу көрсеткіші республика көлемінде 98,4%-ды құрады. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрсұлтан Слан баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Вакцина салдырғандардың арасында кері әсер көріністері тіркелмеген. Бүгінде коронавирусқа қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға ниетті азаматтар саны едәуір артқан.


«Екпе жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланған іс-шараларға сәйкес мерзімінде атқарылуда. Сонымен қатар, облыстағы медициналық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық жабдықтардың аса қажетті тізімі бекітіліп, 2 айлық резервтік қор қалыптастырылды. Жедел жәрдем қызметі 122 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, автокөліктер паркі 96%-ға жаңартылды»,- деді Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев.


Сондай-ақ, оның сөзінше, облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы екі аптада коронавирусқа шалдығу - 148, пневмония - 11 жағдайға төмендеген. Дегенмен, сақтық шараларын ұстану қажеттігін ұмытпағанымыз жөн дейді дәрігерлер.