ТҮРКІСТАН: Полицейлер ауыл тұрғындарына жоғалған малдарын қайтарып берді

0
1 266

Отырар АПБ-нің кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулер үйінің ауласынан 150 мың теңге тұратын сиырын ұрлап кеткені туралы арызданады. Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы «ұрлық» бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынған.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер ауыл тұрғындарына жоғалған малдарын қайтарып берді

Мал ұрлығының алдын алу мен жоюға қарсы өткізілген жедел-алдын алу іс-шаралары аясында, Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығын жоспарлаған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі

Отырар АПБ-нің кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын белгісіз біреулер үйінің ауласынан 150 мың теңге тұратын сиырын ұрлап кеткені туралы арызданады. Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы «ұрлық» бойынша СДТБТ-не тіркеуге алды. Осы секілді түрлі арыздармен полицияға тағы да Отырар ауданының бірнеше жергілікті тұрғындары арызданды.
Аталған қылмысты ашу үшін Отырар АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Ұрыларды ұстауға бүкіл жеке құрам жұмылдырылып, полицейлер аудандағы барлық үй жайлар мен аулаларды тексеріп, көршілес полиция бөлімдеріне бағдар берді.
Жедел-алдын алу шаралары нәтижесінде Отырар АПБ-нің полицейлері көршілес ауданнан ұрланған малдарды сатып жібермекші болған азаматтарды құрықтады. Олар, Арыс және Ордабасы ауданының 1983, 1984, және 1991 жылы туылған 4 жергілікті тұрғыны. Тергеу барысында ұсталғандардың тағы да ұрлықтың 5 жайтына қатысы бар екендігі белгілі болды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен миллион теңгеге жуық қаржыны құрайды. Сондай-ақ, ұрылардан айғақты зат ретінде мал мен автокөлік тәркіленді. Ұрланған малды полицейлер заңды иелеріне тапсырды.
Жергілікті тұрғындар Отырар АПБ-нің барлық жеке құрамына және жергілікті полиция қызметі мен криминалды полиция қызметкерлеріне қылмысты дер кезінде ашып, кәсибиліктерін көрсетіп жоғалған малдарын аз уақыттың ішінде қайтарып берген сақшыларға шын жүректен алғыстарын жаудырды.
«Түнгі уақытта менің қора жайымнан бейтаныс адамдар малымды ұрлап кетті. Бірден полицияға барып арыз түсірдім. Біршама уақыт өткеннен кейін полицейлер маған жоғалған малымды тапқандарын айтты. Басқа да тұрғындармен бірге полиция бөліміне бардық, ол жердегі полицейлер маған жоғалған малымды берді. Өзімнің және жергілікті тұрғындардың атынан криминалды полиция қызметкерлеріне, учаскелік полиция қызметкерлеріне және де барлық жеке құрамның полцейлеріне алғысымды айтамын»- дейді арызданушы шаруа Нурлан Айтуреев.
Өз кезегінде полицейлер жинақталған барлық мәліметтерді, айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Қазіргі таңда соттың шешімімен 1983 және 1984 жылы туылған екі сотталушы 2,5 жылға бас бостандықтарынан шектелді. Ал қалған ұсталған азаматтарға қатысты екі жақтың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға малдарын қараусыз қалдырмай, қора жайларды мықтап бекітіп, таңба немесе ен салып қою керектігін ескертеді.