​ТҮРКІСТАН: Полицейлер инкасаторларға шабуыл жасап, кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады

0
1 833

Жедел іздестіру тобы екі инкасатордың қанын мойнына жүктеген күдіктінің пошта қызметкері екенін анықтаған.


​ТҮРКІСТАН: Полицейлер инкасаторларға шабуыл жасап, кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері инкасаторларға шабуыл жасап, кісі өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол 1981 жылы туған жергілікті тұрғын боп шықты. Жедел іздестіру тобы екі инкасатордың қанын мойнына жүктеген пошта қызметкері екендігін анықтаған. Құрықталған күдіктінің үйінен шолақ мылтық және ақша табылған. Күдіктінің айтуына қарағанда ол еңбек демалысында жүріп, әріптестеріне діттеген жеріне жеткізіп салуды сұранған. Содан кейін автокөлік ішінде отырып, екі әріптесін атып, ақшаны алып, бой тасалаған.

"Ер азамат ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни 99-бабы «Адам өлтiру» және 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмысты жасаған деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады,"- деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 8 маусым күні аталған оқиғаға қатысты Зейнетақы таратуға шыққан екі инкассатордың мәйіттері табылғаны жайлы ақпарат жарияланған болатын.