ТҮРКІСТАН: Полицейлер мен мұғалімдер арасында меморандум түзілді

0
528

Бәсекелесе алатын құзыретті мамандарды даярлауға бағытталған.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер мен мұғалімдер арасында меморандум түзілді

Полицейлер мен ұстаздар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандум қос тарап арасындағы байланысты нығайтып, бәсекелесе алатын құзыретті мамандарды даярлауға, бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыруға, ПД-і мен білім беру мекемелері арасындағы қалыптасқан қарым-қатынасты кеңейтуге бағытталады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, заң саласы мамандарының біразын жұмыспен қамтып отырған Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында орналасқан Полиция департаменті өзіндік беделге ие. Ал Қ.А.Ясауи атындағы университет халықаралық деңгейде. Аталған білім ордасында білімді де білікті мамандар қызмет етіп, білімгерлері республика көлемінде өндірістік тәжірибеден өтіп жүр.

Яғни осы меморандум арқылы алдағы уақытта жоғары оқу орнының студенттері Полиция департаментінде тәжірибе жинақтап, бос лауазымдарға орналасуына мүмкіндік болады. Сондықтан ортақ келісімге келіп, достық қарым-қатынаспен түзілген меморандумға облыстық департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов пен университеттің оқу ісі жөніндегі вице президенті Өмірбек Үмбетов қол қойды.

Шара соңында тараптар арасында меморандум мен басқа да қарым қатынасты нығайтуға бағытталған және оқу-өндірістік процесс бойынша мәселелер талқыланды.