ТҮРКІСТАН: Полицейлер мен СЭС қызметкерлері рейд жүргізді

0
1 303

Төтенше жағдай кезіндегі талаптарды сақтамаған азаматтар қамауға алынды.


ТҮРКІСТАН: Полицейлер мен СЭС қызметкерлері рейд жүргізді

иллюстрациялық фото

Отырарлық полицейлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері төтенше жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырар АПБ мен СЭҚ (санитарлық-эпидемиологиялық қызмет) қызметкерлері бірлесіп, Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шәуілдір ауылында рейд жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде адамдар көп жиналатын орындарда жасалатын санитарлық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етпеген дүкен анықталды. Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармағымен тіркеліп, дүкен сатушысы, азамат аудандық соттың шешімімен 3 (үш) тәулікке қамаққа алынды.
Оған қоса ауылдың орталығында орналасқан тағы бір дүкеннің,санитарлық-дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбегені белгілі болды. Аталған құқықбұзушы азамат ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен кінәлі деп танылып, 2 (екі) тәулікке қамауға алынды.
Полицейлер мен СЭҚ-нің қызметкерлері жүргізген рейд барысында дүкендерден бөлек, адам көп шоғырланатын моншалар да тексерілді. Аталмыш іс-шара барысында дезинфекциялау жұмыстарын жасамаған моншаның тазалықшысы аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша 3 (үш) тәулікке қамауға алынды.