ТҮРКІСТАН: Полиция департаментінің бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

0
1 183

Бұл туралы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков өткен жиында мәлімдеді.


ТҮРКІСТАН: Полиция департаментінің бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Түркістан облысы Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін, Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында Түркістан облысы Полиция департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініңұйымдастыруымен тағылымы мол жиын өткізілді. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков, оның орынбасарлары, облысқа қарасты полиция басқарма, бөлім басшылары жәнеСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Көшқалиев Хаким Дүйсешұлы мен оның орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Арнайы ұйымдастырылған жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты халыққа Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын одан әрі күшейту менжетілдіру бағыттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жоспарда бар іс-шаралармен жүйелі жұмыстар легі талқыланды. Жалпы күн тәртібінде сыбайлас жемқорлық бойынша бірқатар мәселелер кеңінен талқыланды.

Сыбайлас жемқорлық агенттігі мен Полиция департаменті тергеу басқармасының қызметкерлері сөз кезегін алып, тақырыпқа сай өз баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар құқық қорғау саласында орын алған бірқатар сыбайлас жемқорлық фактілері айтылып, бейнероликтер көрсетілді. Жиынға қатысқан полицейлер тарапынан сұрақтар қойылып, ұтымды ұсыныстар ортаға салынды.

«Сыбайлас жемқорлыққа жолаған тәртіп сақшысына ескертемін жұмыстан аластатылатын боласыздар. Сонымен бірге бірінші кезекте бірінші басшы бәріне жауапты болады. Сондықтан жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық жұмыстарын күшейтіңіздер, оның салдары немен аяқталатынын ұғындырыңыздар. Арнайы іс-шаралар мен дәрістер өткізіңіздер», - деді облысымыздың бас полицейі, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.