ТҮРКІСТАН: Праймериз қатысушысы "жасыл аудан" бағдарламасын ұсынды

0
703

Қоқыстар мен қалдық заттарды қайта өңдеуді алдағы 10 жылда 50 пайызға дейін жеткізуге болатынын тілге тиек етті.


ТҮРКІСТАН: Праймериз қатысушысы

Түркістандық праймериз үміткері «Жасыл аудан» бағдарламасын қолдау қажет деп есептейді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданында өткен «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалының кезектен тыс 43 конференциясында праймериз үміткері Динара Асылқызы ұтымды ұсыныс айтты. Ол Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жасыл аудан» бағдарламасын қолдау қажет деп есептейді. Тіпті мектеп пен балабақшаларда эколог мамандарды көптеп тартып, арнайы дәріс ретінде енгізуді ұсынды. Ол өз ұсынысында қоқыстар мен қалдық заттарды қайта өңдеуді алдағы 10 жылда 50 пайызға дейін жеткізуге болатынын тілге тиек етті.

Жарыссөзде бұдан бөлек, ауылдарды газдандыру, ауыз сумен қамту, балалар арасындағы семіздікті жою, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа тосқауыл қою секілді бірқатар ұтымды ұсыныстар делегаттардың кең қолдауына ие болды.

Конференцияда дебатқа қатысқан облыстық маслихатқа үміткерлерге дауыс берілді. Нәтижесінде С.Ертаев 46 дауыс, Ж.Мұсаханұлы 35 дауыс, Д.Егамбердиева 29 дауыс, Б.Төлендиев 28 дауыс, Б.Нишанкулов 28, А.Айкан 26 дауыс, Ш.Халмурадов 24 дауыс, К.Есебаева 24 дауыс, Б.Айтқұлов 22 дауыс жинады. 48 азамат аудандық мәслихатқа саулауға қатысу үшін партиялық тізімге енгізілді. Бүгінгі таңда Сайрам аудандық мәслихатында 24 мандат бар. Сайлаудан кейін бұл құрам кемінде 60-70 пайызға өзгереді. Әйелдер мен жастар саны артады.