ТҮРКІСТАН: Рәміздер алаңында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
1 142

70 жұмысшы мен 12 техника жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: Рәміздер алаңында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан қаласындағы «Рәміздер алаңында» абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Б. Саттарханов даңғылы бойындағы «Желілік саябақтың» жалғасы ретінде жалпы аумағы 1,65 гектарды құрайтын алаңның абаттандыру жұмыстары сәуір айында басталды.

Осы мақсатта, Б.Саттарханов даңғылы, Жібек жолы, Отырар, Ақан Сері көшелерінің тұрғындарымен "Рәміздер алаңын" қайта жөндеу мен қайта жаңғыртудың көмегімен заманауи деңгейге келтіру қажеттілігі туралы ұсыныс, ой-пікірін тыңдау мақсатында жиналыс өткен болатын. Сол себепті, бұл - көше тұрғындырының ұсынысымен жүзеге асырылған жоба болып табылады.

Саябақтың қамтылу аймағы 0,7 гектар болса, жасыл аумақ көлемі – 0,3 гектарды құрайды. Қазірде саябақта 40 дана сәндік жарықтандыру шамдары орнатылған. Одан өзге, аяқжолдарды қайта орнату, көгалдандыру аумағына автоматты суару жүйесін енгізу, ұңғыма қазу жұмыстары да қатар жүріп жатыр.

Мұнда 70 жұмысшы мен 12 техника жұмылдырылған. Абаттандыру жұмыстарының сәуір айы ішінде аяқталуы жоспарланған.