ТҮРКІСТАН: Республикалық «Жас талант» онлайн-конкурсы басталды

0
905

Жеңімпаз Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркия Квотасына ие болады.


ТҮРКІСТАН: Республикалық «Жас талант» онлайн-конкурсы басталды

Түркістан қаласының оқушылар сарайы «Жас талант» онлайн байқауын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының оқушылар сарайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Жас талант» онлайн байқауын жариялады. Байқауда жеңіске жеткен дарны иесі Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркия Квотасына ие болады.

Бұл байқаудың мақсаты – оқушылар мен студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, елдік сананы оятып, өнерлі жастарға қолдау көрсету. Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ынталандыру және шын талант иесін анықтап, қолдау көрсету.

Онлайн форматта өтетін байқауға қатысушылардың өтінімдері 25 сәуір – 15 мамыр аралығында қабылданады. Одан кейін 20-25 мамыр аралығында байқауға қатысушылардың бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жариялап, дауыс беру басталады. Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімі және ұнату, яғни «лайк» санының көлемі негізінде анықталады.

Аталған байқау екі бағытта өтеді. Алғашқысы – «Өнерлі жас» сайысы. Бұл кезеңде әр өнерпаз «Эстрадалық ән орындау» - жанды дауыспен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған патриоттық ән орындауы; «Аспаппен ән салу» - кез келген халық әнін домбыра, гитара, пианино және т.б. кез келген аспаппен орындауы; «Көркем сөз оқу» - патриоттық өлең немесе монолог (ақындық қабілеті болса өз шығармасынан) оқуы; би өнерін көрсетуі тиіс. Осы төрт өнер де бір өнерпаздың бойында болуы шарт. Әр өнер көрсету уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс.

Екінші бағыт – «Бармақтар» сайысы. Бұл сайысқа қатысушылардың өнері әртүрлі бағытта болғандықтан, осы төрт саланың біреуін таңдауға рұқсат етіледі:

1. «Композиция» (түрлі тәсілдермен салу) ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты;

2. «Дизайн-сәндеуші» - ұлттық нақышта заманауи талаптарға сай киім үлгілерін салу. (А3 форматы, барлық құрал-жабдықтарды пайдалану);

3. «Қол өнер бұйымдарын жасау немесе нобайын салу» - киіз, тоқыма, ши, гобелен, жүннен жасалынатын заманауи бұйымдар (киіз, тоқыма, ши, гобелендер А3 форматы, ал жүннен жасалынатын бұйымдар көлемі қатысушының өз еркі);

4. «Сурет өнері» - А3 форматы (қарындашпен салу, қатысушыға берілген суретті салу). Әр туындыны жасау процесі толықтай бейнежазбағатүсірілуі тиіс.

Байқау шарттарына тоқталсақ:

  • Байқауға республика көлемінде 200 үміткергедейін қатысуға рұқсат етіледі. Конкурсқа ұйымдастыру комитетінің іріктеуімен ережеге сай келетін 50 үміткер екінші кезеңге өткізіледі;
  • Байқауға 11 сынып оқитын орта мектептердің, мектеп- лицейлер мен оқушылары,коледж студенттері қатыса алады;
  • Қатысушы даулы жағдайлар туындатқанда, байқаудың басқа қатысушыларына, Ұйымдастыру комитетіне тіл тигізген жағдайда байқаудан шеттетілуі мүмкін;
  • Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге, байқауды өткізу регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
  • «Бармақтар» сайысында орынға иеленген қатысушылардың қол өнертуындылары, бұйымдарыОқушылар сарайына табысталады.

Бейнежазбаға қойылатын талаптар:

  • Байқауға анық, айқын түсірілген және сапалы дыбыста жазылған бейне жазба (видеозапись) қабылданады;
  • Киім үлгісі сахналық болуы тиіс;
  • Түркістан қаласы Оқушылар сарайыJas_talant2021@mail.ru
  • «Jas talant» онлайн-конкурсына қатысушылар 8000 теңге жарна төлеу арқылы қатыса алады.

Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды!