ТҮРКІСТАН: Ролан Ибрагимов Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарады

0
2 627

Ө.Шөкеев Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысын тағайындады.


ТҮРКІСТАН: Ролан Ибрагимов Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарады

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Ибрагимов Ролан Бекмағамбетұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ролан Бекмағамбетұлы 1984 жылы 2 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туған.

Еңбек жолын 2006 жылы Шымкент қаласындағы «Дорсервис-1» ЖШС жол зертханасының маманы болып бастаған.

2007-2017 жылдар аралығында бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты «Оңтүстік жолдары» МКК сапалы бақылау және жұмыстарды қабылдау бөлімінің 1 санаттағы маманы, «Жібек Жолы – 2008» ЖШС жетекші маманы, «Оңтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу, пайдалану бөлімінің бас маманы, автомобиль жолдарын дамытуды жоспарлау бөлімінің бастығы, басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы қаржы және ақпараттандыру басқармасының бас маманы, басқармасының басшысы болып қызметтер атқарған.

2017 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.