ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында денсаулық фестивалі өтті

0
787

Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл спорттық шара жалғасын табатын болады.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында денсаулық фестивалі өтті

Сайрам ауданында «Денсаулық - зор байлық» атты челлендж өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Денсаулық - зор байлық» атты денсаулық фестивалі және дене сергіту челленджі болып өтті.


Спорттық іс-шараға Сайрам ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлнар Тынымбаева және бөлім қызметкерлері, сондай-ақ бөлімге қарасты мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.


Фестивальде бөлім басшысы Гүлнар Тынымбаева құттықтау сөз сөйлеп, спорттық іс-шараның маңыздылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Аталған шара шахмат және футбол ойындарымен жалғасын тапты.


Көпшіліктің көңілінен шыққан бұл спорттық шара жалғасын табатын болады.