ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданының таскешу ауылына газ берілді

0
380

6 елдімекенде газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданының таскешу ауылына газ берілді

Сайрам ауданындағы Таскешу ауылына газ берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданындағы Таскешу ауылына газ берілді. Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Бахытбек Хасанов таскешулік тұрғындардың қуанышымен бөлісті.


«Тәуелсіздігіміз туын тіккен жылдардан бері елімізде, оның ішінде біздің ауданда көптеген нысандар ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Соның бір көрінісі - Таскешу ауылында жүзеге асты. Бүгін, міне, қуанышты жағдайдың куәсі болып отырмыз. Ауылға көгілдір отын беріліп жатыр», – деді Б. Хасанов.


Көгілдір отынға қол жеткізген Таскешу ауылының тұрғындары енді көмір тасып, күл шығармайтын болдық деп ризашылығылын білдірді.


Айта кетерлік жайт, «Таскешу ауылын табиғи газбен жабдықтау» нысанының құрылысы 2020 жылы басталған болатын. Қосылған үй саны – 310.


Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандағы 6 елдімекенде газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр.