ТҮРКІСТАН: Сайрамда 20 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

0
644

«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда 20 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр

Сайрам ауданында 20 шақырымға жуық жол орташа жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-38 «Әсіларық-Көлкент-Манкент шипажайы» автомобиль жолының 18,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі. Жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес, жолдың біршама бөлігінде асфальттың үстіңгі қабатын фрезалау, жарамсыз жол бөліктерінде асфальт жабынын бұзып, жол негізін қайта қалпына келтіру және екі қабат асфальт жабынын салу жұмыстары қарастырылған.


Жұмыс сапасы – тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.