ТҮРКІСТАН: Сайрамда 3 қабатты мешіт салынып жатыр

0
790

Пайдалануға 2022 жылы берілу жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда 3 қабатты мешіт салынып жатыр

Сайрам ауданындағы жаңа мешіттің жанына жүз тыңдаушыға арналған медресе салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы Шамхат Розақұлұлы«Nur Otan» партиясы филиал төрағасының орынбасары Алмас Әбдрахманұлы Арыс ауылдық округі, Қожақорған елді мекені Ж.Меңлібаев көшесінде орналасқан жеке кәсіпкер Д.Арипкуловтың жиhаз цехының жұмысын аралады.

Жиhаз цехінің жалпы аумағы 500 шаршы метр. Бүгінгі таңда ауылдың жеті тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазіргі таңда ас, қонақ үй, жатын бөлме, кіреберіс және балалар бөлмесі мен тапсырыс берушінің қалауы негізінде кез келген жиhаз түрін жасауда.

Сондай-ақ 2021 жылы басталған үш қабатты «Арыс» орталық мешітінің жанынан салынып жатқан жүз тыңдаушыға арналған медресе құрылысымен танысты.

Қосымша спорт үйірмелері, бағдарламашы, электрик, дәнекерлеуші мамандықтары бойынша қосымша білім беріліп, тыңдаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жатақхана мен асхана орналасады, толық пайдалануға 2022 жылы берілу жоспарлануда.