ТҮРКІСТАН: Сайрамда «Ақсукент ауылының тазартқыш имараттары» іске қосылды

0
623

Егер нысан істен шықса, мердігерлік мекеме жауап береді.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда «Ақсукент ауылының тазартқыш имараттары» іске қосылды

Сайрам ауданында «Ақсукент ауылының тазартқыш имараттары» нысаны (КОС) қайта іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған құрылыс 2017 жылы басталса да, мердігер мекеме тарапынан келісім-шартта көрсетілген талаптар орындалмаған. Яғни, жобадан ауытқып жұмыс жүргізгені және техникалық қадағалаушы мекеме қадағалау жұмыстарын сапасыз жүргізген. Салдарынан нысан жұмысы бүгінге дейін пайдалануға берілмей келді.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, аудан басшысы Арман Сәбитов аталған нысандағы сүзгілердің жұмысы, құрылыс жобасының талаптарына сай болуы және алдағы уақытта іске қосу мәселелерін жіті бақылауында ұстаған. Бүгінде нысандағы кемшіліктер мердігер мекеме тарапынан жойылып, 1 айдың ішінде өз жұмысын бастады. Бұл, өз кезегінде, қанша жыл ішінде экологиялық зиян келтірген мәселе оң шешілгенін көрсетеді.


Қарабұлақ елді мекеніне Ақсу ауылындағы көпқабатты 54 үй мен кәсіпкерлік нысандардан шығатын шайынды сулардың қайта өңдеп, ауыл шаруашылық мақсатындағы егін алқаптарына жіберу. Осылайша, қосымша ағын су көздерін арттыру.


Айта кетейік, "ХМСУ Шымкентмелироация" ЖШС мердігерлік мекемесінің 5 жылдық кепілдік мерзімі бар. Егер нысан істен шықса, мердігерлік мекеме жауап береді.