ТҮРКІСТАН: Сайрамда ауқымды екі жылыжай іске қосылады

0
710

3000 тоннаға жуық өнім береді.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда ауқымды екі жылыжай іске қосылады

Сайрам ауданында биыл 500 және 2400 тонна өнім беретін жылыжайлар ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сайрам ауданында жылыжайлар саны артып келеді. Жуырда Әйтеке би елді мекенінде аумағы 3 гектар болатын жылыжай жылыжай құрылысы басталады. Нысанның инфрақұрылым жүйелері шешімін тапқан.


Жоба «Агро кредиттік корпорация» АҚ-ның несиелік қаржысы есебінен 1,3 млрд. теңге көлемінде қаржы алынған. Агроөнеркәсіптік кешеннің басшысы Н.Шәріпбектің айтуынша, жылыжайда 500 тоннаға жуық қызанақ өсірілмек. Серіктестікте 30 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.


Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің айтуынша, ауданда ауыл шаруашылығы саласында ауқымды жобалар іске асады. Жылыжай шаруашылығы қарқын алуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 52,9 гектар көлемінде 110-ға жуық жылыжай бар. Жаңа жылыжайлардың бірі Қарамұрт ауылдық округінде салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарын бастаған «Зәуре» шаруа қожалығының басшысы Жәния Ашықбаеваның мәлімдеуінше, жобаның құны 2 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді іске қосу үшін жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен 80 млн. теңге жұмсалған. Сонымен қатар «Агро кредиттік корпорация» АҚ тарапынан 2,1 млрд. теңгеге қаржыландырылған.


Кәсіпкер жылыжайдың әр гектарынан 400 тонна өнім алуды көздеп отыр. Жалпы жылына 2400 тоннаға дейін көкөніс алу мүмкіндігі бар. Жылыжайға көкөніс өнімдерінен қызанақ және қияр егіледі. Тамшылатып суғару әдісі қолданылады.


Аталған жылыжайдың құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 60%-ға аяқталған. Түркиядан қажетті құрал-жабдықтар жеткізілген. Инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған. Биыл күзде іске қосылатын жылыжайда 90 адам жұмыспен қамтылады деген жоспар бар.