ТҮРКІСТАН: Сайрамда ауызашар кезінде газ баллоны жарылып, 8 адамды күйік шалды

1
1 190

Жан сақтау бөлімінде жатқан алты адамның үшеуінің жағдайы өте ауыр.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда ауызашар кезінде газ баллоны жарылып, 8 адамды күйік шалды

ERNUR.KZ. 9 мамыр кешкісін ауызашар кезінде Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, 8 адамды күйік шалған, деп жазады azattyq.org.

Олардың алтауы қазір аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Мира Мүсілім айтты.

Мира Мүсілімнің сөзінше, жан сақтау бөлімінде жатқан алты адамның үшеуінің жағдайы өте ауыр. Олардың бірі - 5 жасар бала. Науқастардың денесін 19 пайыздан 90 пайызға дейін күйік шалған. Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Дәурен Дүйсебаев Ақсукенттегі дәмханалардың бірінде тауық етін пісіретін пешке жалғанған 50 литрлық газ балоны жарылғанын растады.

Қазіргі уақытта тиісті мамандар ақаудың қайдан шыққанын анықтап жатыр. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу басталған.