ТҮРКІСТАН: Сайрамда кассадан ірі көлемде ақшаны ұрлап кетті

0
940

Ұры касса бөлмесінің есігін бұзып 3 млн. теңгені жымқырып кеткен.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда кассадан ірі көлемде ақшаны ұрлап кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Сайрам ауданында қойма тонап, 3 млн. теңге ұрлап кеткен жас жігіт ұсталды. Күдікті жігіттің кінәсі дәлелденсе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол жол бойында орналасқан жекеменшік қоймасына белгісіз біреулер кіріп, касса бөлмесінің есігін бұзып ашып 3 млн. теңгесін жымқырып кеткенін айтып арызданған.

"Қылмысты жедел ашуға белсене кіріскен полиция қызметкерлері оқиға орнына бірден аттанып, жәбірленушімен тілдесіп, қандай да бір іздерді табу үшін қылмыс орнын мұқият тексерді. Осылайша қажетті деген шаралардың барлығын тыңғылықты атқарған жедел уәкілдер жинақтаған барлық мәліметтерін зерделеп, талдап күдіктінің ізіне түскен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам АПБ-ның қызметкерлері жергілікті тұрғынды құрықтады,"- деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Күдікті жас жігіттен айғақты заттар тәркіленіп алынған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары атқарылуда. Енді қылмысқа күдікті жас жігітке мүлкін тәркілеу мен 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.