ТҮРКІСТАН: Сайрамда коммуналдық сала бойынша семинар өтті

0
108

Жиынға облыстағы барлық аудан, қала әкімдерінің коммуналдық салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті мамандары қатысты.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда коммуналдық сала бойынша семинар өтті

Сайрамда коммуналдық саладағы жұмыстарды жандандыру бойынша облыстық семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық аудан, қала әкіміне коммуналдық саланы жандандыру, тазалық, абаттандыру жұмысын жүйелеу туралы тапсырма берген болатын. Осы бағытта Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтің бастамасымен Сайрам ауданындағы инфрақұрылымдық және коммуналдық бағытта қолға алынған жобалар мен атқарылып жатқан жұмыстарды басқа аумақтарға кеңінен таныту, тәжірибе алмасу мақсатында ауқымды басқосу өтті.


Жиынға облыстағы барлық аудан, қала әкімдерінің коммуналдық салаға жауапты орынбасарлары мен тиісті мамандары қатысты.


Басқосуда «Көрікті Сайрам» КММ-нің және «Ozen» қайырымдылық қорының жұмыс барысы таныстырылды. 2023 жылы құрылған «Көрікті Сайрам» КММ-і ретсіз қоқыстарды жинау, аяқжолдар мен қоршауларды, балалар және спорт алаңшаларын, көшелерге орнатылған жарықшамдарды күтіп ұстау, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің ішкі көшелеріне санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді.


Сондай-ақ жиын барысында «Ozen» қайырымдылық қорының өңірді өркендету жолында атқарылып жатқан жұмыстары айтылды.


Семинарға қатысушылар алдағы уақытта барлық ауданның инфрақұрылымын, экомикалық-әлеуметтік әлеуетін арттыру аясында кешенді шаралар қабылдау қажеттігі жайлы өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.