ТҮРКІСТАН: Сайрамдық грант иегерлері кәсібін жандандырып жатыр

0
800

2021 жылы 540 адамға грант берілген болса, былтыр 224 адам иеленген.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық грант иегерлері кәсібін жандандырып жатыр

Сайрамда мемлекеттік грант иегерлері кәсібін жандандыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сайрам ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2021 жылы 540 адамға грант берілген болса, былтыр 224 адам иеленген. Ал, биыл 110 азаматқа 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарланған.


Өткен жылы аудан тұрғыны Мафтуна Абдурахманова мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қаражат алып, «Еркін сөйле» атты логопед орталығын ашқан болатын. Онда қазір 100-ден аса тілінен кемістігі бар балалар емделіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін орталық 2000-нан аса баланы қабылдап, қызмет көрсеткен. Қазір мекемеде сегіз қызметкер жұмыс істейді.


Сонымен қатар, ауданда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы өзінің кәсібін ашып, халыққа қызмет етушілердің қарасы көп. Бүгінде аудан бойынша сегіз жоба қаржылық қолдау тапқан. Кәсіп бастаушылардың көбі Ақбұлақ, Көлкент, Қайнарбұлақ пен Жібек жолы ауылдарының тұрғындары.


Жоба асында 2,5 пайызбен 8 миллион теңге несие алған Тұрар Сүлейменовте 18 сиыр сатып алып, мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.