ТҮРКІСТАН: Сайрамдық кәсіпкер 2 млн теңгенің демеушілігін көрсетті

0
785

Ол өз кезегінде әріптестерін игі бастаманы қолдауға шақырды.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық кәсіпкер 2 млн теңгенің демеушілігін көрсетті

Түркістан облысы Сайрам ауданында Nur Otan партиясының белсенді мүшесі, кәсіпкер Сихымбай Уалиханұлы "Біз біргеміз!" акциясы аясында 2 млн теңге қаржы бөліп, қайырымдылық танытты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудандық мәслихат депутаты акция барысында жалғызілікті қарттар мен аса қамқорлықты қажет ететін азаматтарға тұрмысқа қажетті заттар және азық-түлік пен ет өнімдерін жеткізді. Яғни осылайша бір күнде 70 отбасыға көмек берілді.

Тұтас Қазақстан ауыр індетке қарсы күресіп жатқан сәтте елге көмектесуді азаматтық әрі перзенттік парызым деп білемін. Елбасы өз үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Біз бірігіп, бұл қиындықты жеңіп шығамыз, - деді Сихымбай Уалиханұлы.

Ол өз кезегінде әріптестерін игі бастаманы қолдауға шақырды.