ТҮРКІСТАН: Сайрамдық көпбалалы ана өз кәсібін бастады

0
818

Мүмкіндігі шектеулі бала қараушы және көпбалалы ана санаты бойынша қаржыландырылған.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық көпбалалы ана өз кәсібін бастады

Сайрам ауданында көпбалалы ана кондитер өнімдерін өндіріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өңірде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант өз нәтижесін беріп жатыр. Осы орайда, Сайрам ауданындағы Ақсукент тұрғыны, көпбалалы ана Ақжан Әзімбай өткен жылы "Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған.


Биыл сәуір айында "2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған" бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа кондитер өнімдерін ашуға өтінішін білдірген. Жоба қолдау тауып, мүмкіндігі шектеулі бала қараушы және көпбалалы ана санаты бойынша қаржыландырылған.


Кәсіпкер 1 млн 380 мың теңге көлемінде түскен қаржысына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, кәсібін бастады. Пеш, қамыр араластырғыш және т.б.жиһаздарын сатып алған.


«Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осындай көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Бұл берекенің бастауы болса керек», - дейді грант иегері.