ТҮРКІСТАН: Салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгертуге болады

0
754

6 айға дейін немесе кезең-кезеңмен төлей отырып үш жылға дейін төлеу мерзімін өзгерту қарастырылған.


ТҮРКІСТАН: Салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгертуге болады

Түркістанда салық мәселесі бойынша баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 6-тарауына сәйкес, салықтарды және төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін салық төлеушінің берілген өтініші негізінде салық төлеушінің немесе үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қоюмен 6 айға дейін немесе кезең-кезеңмен төлей отырып үш жылға дейін төлеу мерзімін өзгерту қарастырылған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Батырхан Оспанов мәлімдеді.


«Республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органы қабылдайды. Ал жергілікті бюджеттерге толық көлемде түсетін салықтарды төлеу бойынша шешімді жергілікті орган қабылдайды», - деді Батырхан Ұласұлы.


Айта кетерлігі, төлем көзінен ұсталатын салықтар, акциздер, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдері өзгертілуге жатпайды.