ТҮРКІСТАН: Сарапшылар тобының кезекті отырысы өтті

0
734

Жолдау мен Референдум өткізу аясында құрылған.


ТҮРКІСТАН: Сарапшылар тобының кезекті отырысы өтті

Түркістанда "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауы мен Референдум өткізу аясында арнайы дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының мәжіліс залында ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауы мен Референдум өткізу аясында арнайы дөңгелек үстелі өтті. Жиынға саяси сарапшылар, доцент-ұстаздар, академиктер және БАҚ өкілдері қатысты.


«Бұған дейін жүзеге асырылған конституциялық реформалар елді демократияландыруға арналған нақты қадам болғаны анық. Ал, бұл жолғы конституциялық реформаның басты ерекшелігі – өзгерістер мен толықтырулар референдум арқылы іске асады. Еліміздің Конституциясының преамбуласы «Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталып, «осы конституцияны қабылдадық» деген сөзбен аяқталады. Конституциялық реформалар іске асқаннан кейін осы тұжырымның мәні арта түсетіндей. Себебі, конституцияны қабылдаған халық, өзгертуге құқылы ең бірінші субъект те халық болуы тиіс, сол үшін де биліктің бастауы – халық», - деді іс-шарада алғаш болып сөз алған Ұлттық заң академиясының академигі, доцент Асхат Ералыұлы.


Сонымен қатар, жиынға қатысқан магистр-оқытушы Айжамал Жәдігерова Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мақсатына тоқталып өтті.


«Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың тепе-теңдігін және оңтайлы болуын қалыптастырады. Сондай-ақ, президенттік институттың барынша дербес болуын қамтамасыз етеді», - деді ол.