ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданы әкімдігінде кітапхана ашылды

0
791

Мұнда көркем және салалық әдебиеттермен қатар, мерзімді басылымдарды табуға болады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданы әкімдігінде кітапхана ашылды

Сарыағаш ауданында «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасымен жылжымалы кітап пункті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасымен жылжымалы кітап пункті ашылды. Кітапхананың ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қатысты.


Аталған жоба мақсаты билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру болып отыр.


Мұнда көркем және салалық әдебиеттермен қатар, мерзімді басылымдарды табуға болады. Ашық әкімдікте орналасқан кітап пунктіне Сарыағаш ауданының мемлекеттік қызметшілері оқырман ретінде тіркеліп, кітапхана қорынан кітап ала алады.


Айта кетейік, Түркістан облысы әкімдігінде «Ашық әкімдіктегі ашық кітапхана» жобасы аясында басталған жылжымалы кітап пункті Бәйдібек, Түлкібас, Мақтаарал аудандарында ашылды.