ТҮРКІСТАН: Сарыағаш қаласында 42 көше жөнделіп жатыр

0
397

Жақсы және қанағаттанарлық көшелердің үлесі едәуір артпақ.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш қаласында 42 көше жөнделіп жатыр

Сарыағаш қаласында 42 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының орт алығында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде Сарыағаш қаласы, «Көктөбе» және «Телемұнара» мөлтек аудандары тұрғындарының бірнеше жылдан бергі өзекті мәселесіне айналған көшелерге де асфальт жамылғысы төселуде.


Атап айтсақ, облыстық бюджет есебінен былтырғы жылы басталған Оразалы ата, Қызылорда, Телемұнара, Т.Оспанов, Жеңістің 45 жылдығы, Өндіріс, Шымкентбаев, Ақтөбе, Ортатөбе, Сарайшық, Арал, Қошқарбаев, Нұр көшелерінің жалпы ұзындығы 14,2 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары биыл аяқталып, тұрғындар игілігі үшін пайдалануға беріліп отыр. Сонымен қатар биыл Өркениет, Келешек, Асаубаев, Талас, Күлтегін, Өзкент, Сандыбаев, Достар, М.Ауезов, Қарқаралы, Ортатөбе, Тайтөбе, Зайсан, Жетіқара, Орталық, Аспара, Аққұм, Ақжайық көшелерінің жалпы ұзындығы 12 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Ал, аудандық бюджет есебінен қала аумағындағы жалпы ұзындығы 7,2 шақырымды құрайтын 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық көшелердің үлесі едәуір артпақ.