ТҮРКІСТАН: Сарыағаш қаласындағы аялдамалар жаңартылып жатыр

0
662

Жалпы тіркелген 40 аялдама бекеті бар.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш қаласындағы аялдамалар жаңартылып жатыр

Сарыағаш қаласы аумағындағы аялдамалар жаңартылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының әкімі М.Доспуловқа инвесторларды тарту арқылы қала аумағындағы ескірген аялдамаларды жаңарту бойынша арнайы тапсырма берген болатын.


Бүгінде сол тапсырма орындалып, аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі бойында М.Әуезов жалпы орта мектебіне қарсы бетте құрылыс жұмыстары аяқталғанаялдамаға арнайы барып, жағдайын бақылап, бағалап қайтты.


Автобус аялдамасы-шағын сәулет нысаны, оның мақсаты қоғамдық көліктерді ыңғайлы күтуге жолаушыларға жағдай жасау, сондай-ақ қала көшелеріне көрік беру.


Айта кетсек, қазіргі таңда Сарыағаш қаласы аумағында жалпы тіркелген 40 аялдама бекеті бар. Соның ішінде пайдаланылуда:

- мемлекеттік-4 ;

-Тазалық МКК меншігінде- 7;

-кәсіпкерлік мақсатта-29.


Алдағы уақытта да, Сарыағаш қаласы аумағындағы ескірген аялдамаларды жаңарту мақсатында инвесторларды тарту жұмыстары жалғасын табатын болады.