ТҮРКІСТАН: Сарыағашқа жаңа әкім тағайындалды

0
1 743

Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының әкімі ауысты.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашқа жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұхит Баймұханбетұлы 1981 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласында туған, білімі жоғары, біліктілігі заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің Жедел қызмет басқармасының жедел уәкілі болып бастаған.
2005 - 2010 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің патруль полициясының жеке батальонының маманы- инспекторы, жеке батальонының жылдам әсер ету арнайы отрядының инспекторы, Атырау облысы Ішкі істер департаменті қылмыстық полиция басқармасының қылмыстық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі лауазымдарды атқарған.
2010 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Балқаш-Алакөл экология департаменті бастығының орынбасары, Жайық-Каспий экология департаментінің бастығы лауазымдарында жұмыс атқарған.
2012 - 2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында қызмет еткен.
2018 жылдың шілде айынан бастап Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып еңбек етіп келді.