ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 5 азамат «Ауыл аманаты» жобасымен кәсіп бастады

0
351

44 жоба несие комитетінің оң қорытындысын алған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 5 азамат «Ауыл аманаты» жобасымен кәсіп бастады

Сарыағаш ауданының әкімі «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы іске қосылды. Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жобаға қатысушы азаматтармен кездесіп, алға қойған мақсаттары мен атқарып жатқан жұмыстары бойынша пікір алмасты.


Жаңа жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарын агробизнеске тарту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты қолдау. Жоба мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған.


Жаңа жобаның тиімділігі - жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие. Орташа несие көлемі 5 млн теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкерлер кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс.


Аталған пилоттық жобаға Сарыағаш ауданынан Жарты төбе, Жібек жолы ауылдық округтерінің тұрғындары қатысып, бүгінгі таңға дейін 67 жобаны несиелендіру мақсатында құжат тапсырылған. Осы жобалардың 44-і несие комитетінің оң қорытындысын алған. Оның ішінде Жарты төбе ауылдық округінен 5 азаматтың қаражаты аударылып, жұмыстарын бастап кетті.