ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 700-ден астам тұрғынүй сапалы электр қуатымен қамтылады

0
327

Электр желілері тартылып, 15 дана электр трансформаторлары орнатылған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 700-ден астам тұрғынүй сапалы электр қуатымен қамтылады

Сарыағаш аудан, Көктерек кентінде екі нысанның құрылыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Көктерек кентіндегі №16 Панфилов атындағы жалпы орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.


Айта кетсек, жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың ішкі ағаш еден төсеніштері, есік-терезелері, әжетханалар мен ішкі кәріз жүйесі және қоршаулар жаңартылатын болады. Мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын тамыз айында аяқтау жоспарланған.


Сондай-ақ, аудан басшысы кент аумағындағы тұрғын үйлерді сапалы электр энергиясымен қамту үшін жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстардың барысымен де танысты.


Бүгінгі таңда нысан бойынша электр желілері тартылып, 15 дана электр трансформаторлары орнатылған. Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне нысанның құрылысын сапалы жүргізіп, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.


Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғаннан соң кент аумағындағы 713 тұрғын үй сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады.