ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 900 орындық жайлы мектептің құрылысы басталды

0
428

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 900 орындық жайлы мектептің құрылысы басталды

Сарыағаш ауданында 900 орындық жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округі, Дербісек елді мекенінде жаңадан салынып жатқан 900 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.


Айта кетсек, аталған мектепке елді мекен шегіне енген 70 га жерден «Жайлы мектеп» құрылысын жүргізу үшін 3 га жер телімі ажыратылып, құрылыс жұмыстарына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы тарапынан қаржы бөлінген. Қазіргі таңда мектептің құрылыс алаңының жерлерін тегістеу жұмыстары жүргізілуде.


Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкіліне құрылысты жобаға сәйкес мерзімінде жүргізіп, құрылысты сапалы аяқтауды тапсырды.