ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 111,1 млрд. теңгеге жетті

0
434

Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 8,4 млрд. теңге инвестиция тартылып, 134, 3 пайызға ұлғайды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 111,1 млрд. теңгеге жетті

Сарыағашта «Алтын күз – 2023» ауыл шаруашылығы саласының қорытынды шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады.


«Күз мезгілі – шаруалар үшін еселей сіңірген еңбектің нәтижесін көріп, табиғаттың сарқылмас сыйының жемісін жинайтын тамаша кезең. Сондықтан болар, «Алтын күз» – алқап басында тер төккен ауыл еңбеккерлерінің мерекесі болып саналады. Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты болса, сіздердің еңбектеріңіздің арқасында ауданның агроөнеркәсіп кешені тұрақты дамып келеді. Аудан экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайтынын ескерсек, аграрлы сектордағы жетістіктеріміз аудан еңбеккерлерінің ортақ жеңісі деп білемін», – деді аудан басшысы.


Мереке аясында ерте көктемнен қара күзге дейін дала төсінде тер төгіп еңбек еткен жергілікті диқан қауымының өнімдері және аталған салада жүрген кәсіп иелерінің азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.


Сондай-ақ аудандық мәслихаттың төрағасы Смаил Тасқұлов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті. Салтанатты іс-шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.


Айта кетсек, биыл сарыағаштықтар атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етіліп, жиын терім маусымын жоғары аяқтады. Өткен жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 8,4 млрд. теңге инвестиция тартылып, 134, 3 пайызға ұлғайды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 111,1 млрд. теңгені құрап, облыстағы үлесі 10,8 пайызды құрады.