ТҮРКІСТАН: Сарыағашта көше жарықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді

0
852

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта көше жарықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілді

Сарыағаш ауданында көше жарықшамдары жөндеуден өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Көше жарығы кез келген ауылдың бет-бейнесін көрсетеді. Өңірдің келбетін айшықтайтын көше шамдары жолаушыға жол көрсетіп, түнгі уақытта қауіпсіздігіне қорған болады. Осы орайда, Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округіндегі 15 ауылдың 10-на 1325 көше жарық шамдары орнатылған. Ауылдық округке қарасты 5 елді мекенде (Жаңаарық елді мекені С.Абдуллаев көшесі, Жаңаталап елді мекені А.Оразбаева көшесі, Нұрлы жол елді мекені Қ.Айқынбеков көшесі, Ақ үй елді мекені Ү.Досболов көшесі және Береке елді мекенінен өтетін Республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойы) көше жарық шамдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Сонымен қатар, Береке елді мекенінен өтетін Республикалық маңызы бар А-15 авто жолының бойындағы көше жарықтандыруына қойылған трансформатордың күші жетпеуіне байланысты, күрделі жөндеуден өткізілді.


Алдағы уақытта ауылдық округке қарасты басқа да елді мекендеріндегі көше жарық шамдарына кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.