ТҮРКІСТАН: Сарыағашта рәміздер мерекесі тойланды

0
1 342

Сарыағаш ауданында «4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» және «Жастар жылына» орай «Рәміздерім – мақтанышым, ұранымыз – бірлік» атты мерекелік іс-шара өткізілді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта рәміздер мерекесі тойланды

Сарыағаш ауданында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сарыағаш ауданында «4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» және «Жастар жылына» орай «Рәміздерім – мақтанышым, ұранымыз – бірлік» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шара шерумен бастау алып, ұлттық рәміздерімізге құрмет көрсетіліп спортшыларымыз бастаған атты шеру мен автошеру, көк байрақты іліп алған велосипедшілер қаланың орталық көшесімен жүріп өтті.

Мерекелік іс-шараға және шеруге қатысқан аудан тұрғындарымен жастарына мемлекеттік рәміздер туралы викториналық сұрақтар қойылып, белсенділік танытқандарға алғыс хаттар және арнайы сыйлықтар табысталып аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Шараның басты мақсаты: жастарды мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге, тәуелсіз ұлттық белгілерді құрметтеу және кеңінен насихаттау арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру, бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауданымыздың тұрғындары мен жастарын спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және қолжетімді велосипед спортымен шұғылдануға қызығушылығын арттыру болып табылады.