ТҮРКІСТАН: Сарыағашта үшем дүниеге келді

0
636

4 баланың ата-анасы атанды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта үшем дүниеге келді

Сарыағаш қаласында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш қаласының әкімі М.Доспулов еліміздің демографиясына ерекше үлес қосып, дүниеге үшем әкелген қала тұрғыны Берик Тойшиев пен Ақбөпе Кенесовнаның отбасына арнайы барып құттықтады. М.Доспулов үшемдердің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деген тілегін жеткізіп, сый-сияпаттарды тарту етті.


Мамыр айының он төрті күні 26 жастағы Ақбөпе Кенесова дүниеге Ардана, Елдана, Нұрдана атты үшем әкелген болатын. Ақбөпе жұбайы Берикпен бұған дейін отбасында 1 бала тәрбиелеп, қазіргі уақытта 4 баланың ата-анасы атанды. Бүгінгі таңда жас ана мен нәрестелердің денсаулығы жақсы.


Айта кетейік, жыл басынан бері ауданда 2696 сәби өмірге келген. Оның ішінде 25-егіз, 1-үшем.