ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жылыжай шаруашылығы жыл өткен сайып дамып келеді

0
460

Ауыл шаруашылық өнімдері - тұрғындардың басты азығы.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта жылыжай шаруашылығы жыл өткен сайып дамып келеді

Сарыағаш ауданында жылыжай шаруашылығы жыл өткен сайып дамып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ елдімекеніне барып, жеке кәсіпкер Ш.Тұрсынбаевтың меншігіндегі жылыжайдың және аграрлық тауарларға арналған дүкеннің жұмысымен танысты.


Бүгінде аталған мекенжайда аграрлық тауарларға арналған дүкенде көкөніс өнімдеріне арналған дәрі-дәрмек заттары саудаланады.


«Ауыл шаруашылық өнімдері - тұрғындардың басты азығы. Аудан тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті тиімді пайдалану арқылы, қожалықты үлкен мекемеге айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар», - деген аудан басшысы кәсіпкерге сәттілік тіледі.


Сондай-ақ, жеке кәсіпкер аудан басшысына жылыжайдағы жұмыс барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол бүгінде өзінің қосалқы шаруашылығындағы 0,10 га жер телімінде жылыжай тұрғызып, көкөніс өсірумен айналысып келеді.