ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық шебер жастарға тігін өнерін үйретіп жүр

0
347

Жас кәсіпкер тігін тігуді 7 жасында анасынан үйренген.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштық шебер жастарға тігін өнерін үйретіп жүр

Сарыағаштық шебер бүгінге дейін 50 шәкірт тәрбиелеп шығарған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазір кәсіп ашамын деген адамға мүмкіндік көп. Тек нақты жоспар құрып, тірлікке батыл кіріссеңіз болғаны. Алдына мақсат қойып, сол жолда тынбай еңбектеніп жүрген жандардың бірі – сарыағаштық Айжан Көкебаева. Жас кәсіпкер тігін тігуді 7 жасында анасынан үйренген. Бала кездегі әуесқойлық оны бүгінде шын шеберге айналдырды.


«Анадан анаға мұра болып келе жатқан кәсіптің төртінші ұрпағымын. Тігін тігуге бала кезден әуестендім. Қызығушылығым қуыршақтарға көйлек тігуден басталды. Өсе келе осы өнер түрімен айналысуға бел будым. Десем де, біраз үйрену қажет болды. Сөйтіп, тігін цехына жұмысқа орналастым. Ол маған тәжірибе жинауға септігін тигізді. Алдымен көрпе тіктім, содан кейін өзімді әртүрлі бағытта сынап көрдім. Қиындыққа қарамастан, бастаған ісім оң нәтижесін берді», – дейді А.Көкебаева.


Жас кәсіпкер «Білгенімді туған жерімнің қыздарына үйретемін» деген патриоттық ұстаныммен бүгінге дейін 50 шәкірт тәрбиелеп шығарған. Өзінің білімін Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында шыңдап, ондағы шеберлермен тәжірибе алмасқан. Қазіргі таңда «Дәулет» базарында жас шәкірттерге тігудің қыр-сырын үйретеді.