ТҮРКІСТАН: Сарығаштық жылыжай иелері өнімін өткізуге бас қатырмайтын болады

0
2 005

Сарыағаштық "Занджанижад" шаруа қожалығы 1,2 гектар жерден жылына 140 тонна қызанақ өнімін алып отыр.


ТҮРКІСТАН: Сарығаштық жылыжай иелері өнімін өткізуге бас қатырмайтын болады

Түркістан облысы, Сарығаш ауданы ресейлік ірі компаниясымен бірігіп коперация құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округіндегі "Занджанижад" шаруа қожалығы 2012 жылдан бері жылыжай кәсібін дөңгелетіп отыр. Бүгінде жылыжай көлемі 1,2 гектар жерін құрап, жылына 140 тонна қызанақ өнімін алуда. Қазіргі таңда жылыжайда 6 қызметкер тұрақты жұмыспен қымтылған, олардың жалақысы орташа есеппен 50-60 мың теңге. Өндірілген өнім Ресей Федерациясына эскпортталады және Қазақстан аумағына таратылады.

"Бұл жылыжайдың 1,2 гектар жеріне ақпан айында "Аттия" сорты егілген. Қызанақтың голландық қатты сорты, жолға шыдамды келеді. "Аттия" сортын егіп келе жатқанымызға 4 жыл болды. Жылына екі рет егеміз, көктемгі және күзгі өнім алу үшін. Бүгінде гектарынан 100 тонна өнім алып отырмыз. Қазіргі таңда көмір мәселесі бар. Естуімізше, көмірге субсидия бермекші, егер де беретін болса жақсы болар еді", - дейді "Занджанижад" шаруа қожалығының өкілі Видадин Мамедов.

Биыл Сарыағаш ауданы бойынша жылыжай көлемі 635 гектар жерді құраса, жылбасынан бері жылыжайдан 53 мың тоннада астам өнім өндіріліп отыр. Өндірілген өнімдердің басым бөлігі қызанақ пен қияр.

"Бізде шаруаларымыздың әзір қиналып жатқан жағдайы осы өндірілген өнімдерін өткізу мәселесі қиындап отыр. Шаруалардың айтуынша, бағасы тұрақты емес. Бірде көтеріліп, бірде түсіп кетеді. Сол бағаны тұрақтандыру үшін Ресей елінен келген "Экокультура" компаниясы осы өнімдерді Ресейге алып кету жағын көмектесеміз деп осы ауданнан үлкен кооперация құрайын деп жатыр. Бұл кооперация құрылса, мүше болып кірсе бұл біздің ауданымыздың жылыжайшыларына өте тиімді болар еді", - дейді Сарыағаш ауданы ауылшараушылығы және кәсіпкерлік бөлім басшысы Нұрболат Талипов.