ТҮРКІСТАН: Сатушы өз дүкенінен зат ұрлаған

0
672

Жас қызға ақша қажет болған.


ТҮРКІСТАН: Сатушы өз дүкенінен зат ұрлаған

Түркістандық полиция қызметкерлері ұрлық жасаған дүкен сатушысын құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, жәбірленуші өзіне тиесілі аралас заттар дүкенінен сатушысын тұрмысқа қажетті заттарды жасырын ұрлап жатқан жерінен ұстап алғанын айтқан. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 135 000 теңге.


Аталған жайт полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» бойынша, ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алынды.


Қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысы бар Кентау қаласының тұрғыны. Ұсталған жас қыз өзіне қаражат қажет болған соң осындай қадамға барғанын айтты.