ТҮРКІСТАН: Сауда орындары қала сыртына шығарылады

0
1 226

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында қолданыстағы сауда алаңдары мен базарларды және сауда нүктелерін бір жүйеге келтіру мақсатында қала сыртынан құрылыс материалдарын, киім-кешек, азық-түлік тауарларын саудалайтын базарлар үшін 50 гектар жер телімі белгіленген. Оның ішінде, 17 га – Қызылорда бағытынан, 15 га – Кентау бағытынан, 18 га – Шәуілдір бағытында. Аталған аймақтардағы жер телімдерін заңдастырып реттеу бағытындағы жұмыстары жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Сауда орындары қала сыртына шығарылады

Түркістан қаласының аумағында жалпы 9 базар, 8 сауда қатары қызмет етуде. Оның ішінде, 5 әмбебап, 3 азық-түлік, 2 көкөніс және 7 азық-түлік емес тауарларды сататын базарлар мен сауда қатарлары бар - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланың сәулеті мен құрылыс жоспарларына сәйкес, сауда жүйесінің басым бөлігі модернизациялауды қажет етеді. Түркістан қаласында сауда қызметін реттеу жөніндегі амалдардың рет-тәртібі (алгоритм действий) бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Бүгінгі таңда қолданыстағы сауда алаңдары мен базарларды және сауда нүктелерін бір жүйеге келтіру мақсатында қала сыртынан құрылыс материалдарын, киім-кешек, азық-түлік тауарларын саудалайтын базарлар үшін 50 гектар жер телімі белгіленген. Оның ішінде, 17 га – Қызылорда бағытынан, 15 га – Кентау бағытынан, 18 га – Шәуілдір бағытында. Аталған аймақтардағы жер телімдерін заңдастырып реттеу бағытындағы жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда және Шәуілдір бағытындағы жер телімдерінде орналасқан жер пайдаланушылар тізіміне сәйкес, мемлекеттік мұқтаждығы үшін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Ал, Кентау бағытындағы «Сауда кешеніне» белгіленген алаң толығымен бос болғандықтан, заманауи талапқа сай келетін сауда алаңын ұйымдастыру мақсатында қала әкімдігінің 26 сәуір 2019 ж №443 қаулысымен «Түркістан» ӘКК» акционерлік қоғамына Кентау тас жолы бойынан «Сауда кешені» құрылысы үшін 15 га жер телімі тұрақты пайдалануға берілген.

Осыған орай, «Түркістан» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мамандарымен кездесіп, базарларды ұйымдастыру алаңын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі талқыланып, презентациялық материалдар дайындалуда.

Базарлар мен сауда қатарларын қала сыртына көшіру үшін сауда нысан басшыларына меморандум үлгісі ұсынылған.