ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында көшелер мен аулалар тазаланды

0
567

Оған ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, өз үлестерін қосты.


ТҮРКІСТАН: Сауран ауданында көшелер мен аулалар тазаланды

Сауран ауданындағы сенбілікте көшелер мен аулалар тазаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қоршаған ортаны қорғау, заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстарын ұйымдастыруды аудан-ауыл әкімдіктеріне қатаң тапсырған болатын. Сауран ауданында қазір әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастырылып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтар шығарылып, арық-атыздар тазартылуда. Оған ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, өз үлестерін қосты.


Аудан бойынша ұйымдастырылған сенбілік жұмысына – 170 адам қатысты. Нәтижесінде 40 тонна қоқыс шығарылып, оған 3 техника жұмылдырылды.


Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады.