ТҮРКІСТАН: «Сауран» клубы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

0
491

Жекелей және жұптық сайыс бойынша сынға түсті.


ТҮРКІСТАН: «Сауран» клубы тағы да жеңіс тұғырынан көрінді

Параолимпиадашылар сайысында Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Павлодар қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған жастар арасындағы ҚР-ның чемпионаты өтті. Параолимпиадашылар сайысында Түркістан облысының спортшылары жүлделі орындарды иеленді. «Сауран» спорт клубының спортшылары пара үстел теннисінен 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль еншіледі.


Ел чемпионатында жеңістен үмітті болғандар жекелей және жұптық сайыс бойынша сынға түсті. Мәселен, ерік-жігерін бойына жинап, асқан табандылықпен жарыс жолына шыққан Дамир Пак (6 класс) 1-орын, Нұрислам Абдашим (7 класс) 3-орынға қол жеткізді.


Сондай-ақ, жұптық сайыс бойынша Әділ Жаңабайұлы (20 класс) және Пак Дамир (14 класс) күміс, Нұрислам Абдашим (14 класс) қола жүлде иемденді. Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысының намысын қорғаған спортшылар 5-орынға тұрақтады.