ТҮРКІСТАН: Сауранда 7 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды

0
596

Отырғызылған ағаштардың ішінде тұт, туя, қайың және т.б. ағаш түрлері бар.


ТҮРКІСТАН: Сауранда 7 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды

Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 12 ауылдық округте ағаш отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 12 ауыл округке 7 мыңнан аса ағаш көшеттері егілді. Отырғызылған ағаштардың ішінде тұт, туя, қайың және т.б. ағаш түрлері бар. Аталған көшеттер Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан тегін үлестірілген.


Ағаштар мемлекеттік мекемелердің алдына, көше бойлары мен саябақтарға егілді.


Наурыз айының 15-не дейін аудандағы елді мекендерге тағы да 6 000 түп көшет отырғызылады деп жоспарланып отыр.


Айта кетейік, аудан, қала әкімдіктері көгалдандыруға қажетті көшеттермен қамтамасыз етілуде. Елді мекендерді көгалдандыруға берілген көшеттерді егу, күтіп-баптау, қала, аудан әкімдеріне жүктелген.