ТҮРКІСТАН: Сауранда «Парасат» пікірталас клубы құрылды

0
846

Отырысқа қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.


ТҮРКІСТАН: Сауранда «Парасат» пікірталас клубы құрылды

«Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалы жанындағы «Парасат» пікірталас клубының алғашқы жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімнің тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалы жанындағы «Парасат» пікірталас клубының алғашқы жиыны өтті.


Отырысқа аудан әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков, әжелер алқасы, ардагерлер кеңесі, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.


«Парасат» пікірталас клубының алғашқы отырысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицид мәселелері қозғалды. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы суицидтің алдын алуда психологтардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Клуб мүшелері мен отырысқа қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.