ТҮРКІСТАН: Сауранда рәміздер алаңы салынады

0
757

Бүгінде жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары биыл басталады.


ТҮРКІСТАН: Сауранда рәміздер алаңы салынады

Сауран ауданының орталығында Рәміздер алаңы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінде Рәміздер алаңы салынады. Әкімшілік іскерлік аумақта орналасатын алаңда биіктігі 25 метрлік тұғырға көк Туды орналастыру жоспарланған. Бүгінде жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстары биыл басталады.


Алаңдағы көгалдандыру жұмыстары 6 259,9 шаршы метрді құрайды. Онда арша, тау қарағай, лаванда, арабис сынды тал мен гүлдердің сан түрі отырғызылмақ. Сонымен қатар, алаңда көпшіліктің тынығуы үшін арнайы орындықтар мен субұрқақтар салынады.