ТҮРКІСТАН: Сауранда сенбілік ұйымдастырылды

0
495

Сенбілікке 284 адам, оның ішінде 97 мемлекеттік қызметкер қатысты.


ТҮРКІСТАН: Сауранда сенбілік ұйымдастырылды

Сауран ауданында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстары күшейтілді. Осыған орай Сауран ауданында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы аудандық тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары мен жастар белсенді атсалысып, көшелердегі күл-қоқыстар тазартылып, шөп шабу жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке 284 адам, оның ішінде 97 мемлекеттік қызметкер қатысты. Екі техниканың көмегімен 2,3 тонна қоқыс шығарылды.


«Ауданның тазалығы әрбір ауыл тұрғындарының жауапкершілігіне байланысты. Тазалық – табалдырықтан басталады» деген ұлағатты сөзді жадымыздан шығармайық. Туған жерді аялап, айналамыздың тазалығын сақтай білу де мәдениеттілік», – дейді қызметкерлер.


Алдағы уақытта да санитарлық тазалық жұмыстары жалғасын табады.